қазақша · русский · english
 
 
 
25.04.2025

ҚазҰПУ студенті тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатында екі бірдей жүлделі орынды иеленді


2025 жылғы 20-24 сәуір аралығында Қарағанды қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында рапид және блиц түрлері бойынша жекелей XVII Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

 

Аталған ұлттық спорт сайысына еліміздің әр өңірінен үздік ойыншылар қатысты. Жарыс барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің 1 курс студенті, университет құрамасының мүшесі Аяна Исахан жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, рапид бойынша І орынды, ал блиц бойынша ІІ орынды иеленді.

 

  alt=  





Кері оралу