Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті |
08.05.2025
Абай атындағы ҚазҰПУ докторанттары Хаджеттепе университетінде тағылымдамадан өтті 2025 жылдың 9 сәуірі мен 7 мамыры аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «8D01404 - Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанттары - Ерик Стамбеков, Батырбек Мендиғалиев және Багдаулет Тилеубек Түркияның Анкара қаласындағы Хаджеттепе университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдаманың негізгі мақсаты - ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру, спорт саласындағы заманауи технологиялармен танысу және халықаралық тәжірибе алмасу.
Докторанттар биомеханика, физиология және қозғалыс талдауы бағытындағы зертханаларда тәжірибеден өтіп, жетекші шетелдік ғалымдардың дәрістеріне қатысты. Сонымен қатар түрік әріптестерімен бірлескен ғылыми мақала жазу жұмыстары басталды.
Аталған тағылымдама Қазақстандағы дене шынықтыру ғылымының дамуына нақты ғылыми-әдістемелік үлес қосуға мүмкіндік береді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|