қазақша · русский · english
 
 
 
14.05.2025

Тоғызқұмалақтан Абай университеті құрамасы – ХІІІ жазғы Универсиада чемпионы!


2025 жылғы мамырдың 10-14 аралығында Түркістан қаласында тоғызқұмалақтан ХІІІ жазғы Универсиада жарыстары өтті. Жарысқа еліміздің 65 жоғары оқу орнынан командалар қатысты.

 

Аталған сайыста Абай атындағы ҚазҰПУ командасы университеттер арасынан топ жарып, 1 орынды иеленді. Команда құрамы - Ақерке Тұрсынәлі, Аяна Исахан, Нұрай Ғаниқызы, Аружан Куатова, Забира Сәрсенбаева.


Жекелей чемпионатта Ақерке Тұрсынәлі 1 орынды иеленіп, алтын медальмен марапатталды.


Қола медальдар (3 орын) - Аяна Исахан, Ердаулет Жанабилов.

 

Жаттықтырушы - аға оқытушы Мира Иралина.

 

Жеңімпаздарды ҚР Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбек құттықтады. Чемпиондарымызды кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу