Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті |
15.09.2025
ҚАНАТ МЫРЗАБЕКОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ 2025 жылдың 11-13 қыркүйек күндері Алматы облысы, Талғар ауданында «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындары аясында қол күрес спортынан сайыс ұйымдастырылды. Бұл жарыс ауылдық жерлердегі спортты дамытуға және жастар арасында дене шынықтыруды насихаттауға бағытталған маңызды шара болып табылады.
Республикалық деңгейдегі бәсекеде еліміздің әр аймағынан жиналған спортшылар өз күштері мен шеберліктерін сынады. Аталған жарыста «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3-курс студенті Мырзабеков Қанат 90 келі салмақта жеңімпаз атанып, 1-орынға ие болды.
Қанаттың жеңісі оның жаттығу мен еңбекке деген адалдығының нәтижесі ғана емес, сонымен қатар ауыл спортының дамуына қосқан үлесі ретінде бағаланады. Осындай республикалық жарыстар жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулығын нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|