қазақша · русский · english
 
 
 
15.09.2025

ДЗЮДОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

 

2025 жылдың 10-14 қыркүйек аралығында Индонезия астанасы Джакарта қаласында дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа Азияның 20 елінен барлығы 198 жас татами шебері қатысты.

 

Чемпионат барысында Қазақстан спортшылары да табысты өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Кенесхан Ернар -73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, чемпионатта 3-орынға ие болып, қола медальмен марапатталды.

 

Ернардың бұл жетістігі Қазақстан дзюдосының жастар арасындағы жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді және оның спорттағы болашағы зор екендігін дәлелдейді.

 

Спортшымызды осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктерге жете беруіңе тілектеспіз!

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  




Кері оралу