қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2025

3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференциясы


2025 жылдың 21 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы «6В01501-Математика», «6B01502-Математика-физика», «6В01504-Физика», «6В01505-Физика ағылшын», «6В01506-Физика-информатика» білім беру бағдарламаларының 3-ші курс студенттерімен педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өтті.

 

3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы Алматыдағы «Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей» КММ, «Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей» КММ, «№93 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «№67 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназия», КММ «№147 гимназия» КММ, «Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» КММ, «Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия» КММ өткізілді.

 

Қорытынды конференцияға математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Алма Әбілқасымова, оқытушы-әдіскерлер Тұяқов Е.А., Искакова М.Т., Бекқул Н.Ғ., Шинтемиров А.М., Исаева Г.Б., Тасболат Е.Б., Жанбекова Г.И., Сугирбекова А.К., Беркін Л. және студенттер қатысты.

 

Педагогикалық практика аясында оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес студенттер ««Moodle» жүйесіне енгізіліп, күн сайын берілген тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды жүктеп, ал жетекшілер оны қадағалап отырды.

 

Педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында студенттер теориялық білімдерінің практикамен байланысын көрсетті және кәсіби дағдыларын шыңдады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу