қазақша · русский · english
 
 
 
05.03.2025

Педагогикалық практика нәтижесі бойынша ашық сабақ


2025 жылдың 4 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы «6В01504 - Физика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Балзия Сулейменова ашық сабақ өткізді.


Өндірістік іс-тәжірибе аясында Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясы 8 «В» сыныбына «Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі» тақырыбында өткен ашық сабаққа Абай атындағы ҚазҰПУ математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы Айман Нұрқамыт, физика пәнінің мұғалімі Қарлыға Рахимбаева қатысты.


Сабақ барысында практикант Балзия Сулейменова күрделі терминдерге нақты және егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, аудиторияны оқу процесіне тарту қабілетін көрсете отырып, тамаша оқытушылық шеберлігін көрсетті. Оқушылар да белсенді қатысып, бұл топтық жұмысты сәтті бағалауға ықпал етті.


Сабаққа қатысушылар сабақтың заманауи оқыту әдістері мен АКТ қолдану арқылы жоғары оқу-әдістемелік деңгейде өткенін атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу