Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
27.03.2025
«Цифрлық білім беру ортасында педагогикалық жоғары оқу орындарының математика және физика оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» біліктілікті арттыру курсы 2025 жылдың 18 наурызынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультеті математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасында «Цифрлық білім беру ортасында педагогикалық жоғары оқу орындарының математика және физика оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.
Курстың мақсаты - оқытушылардың цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ заманауи педагогикалық әдістермен таныстыру. Оқыту барысында қатысушылар жаңа әдістемелер мен құралдарды меңгеріп, тәжірибелерімен бөлісуде.
Курс оқытушыларға цифрлық білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін беріп, олардың кәсіби дамуына елеулі үлес қосады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|