қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2025

Ғылым онкүндігі-2025: математика және физикадан пәндік олимпиада


2025 жылдың 10 сәуірінде Ғылым онкүндігінің іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында «6B01501 - Математика », «6B01502 - Математика-физика» және «6B01504 - Физика» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан студенттер арасында пәндік (математика, физика) олимпиада өтті. Іс-шараны ұйымдастырған - Математика, физика және информатика факультетінін «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы.

 

Студенттер өз білім деңгейіне сай, әр түрлі күрделіліктегі тапсырмаларды шешіп, ой ұшқырлығы мен теориялық білім деңгейін керсетті. Бұл олардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға үлкен серпін берді.

 

Жеңімпаздарымызды ерекше мақтанышпен атап өтеміз:

І орын - Айдабай Айғаным (МФК-231).

І орын - Эргашбекова Райхона(ФОК-223).

II орын - Руслан Диас Русланұлы (МОК-243).

II орын - Бердахмет Еркеш(МФК-231).

IIІ орын - Құдайбергенов Ілияс (МФК-242).

IIІ орын - Ешмұханбет Ерболат (МФК-242).

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу