Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
18.04.2025
Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасында магистрлік диссертацияларды алдын ала қорғау өтті 2025 жылдың 17-18 сәуір күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика факультетінде «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен «7М01501 - Математика» және «7М01504 - Физика» білім беру бағдарламаларының магистранттары магистрлік диссертацияларын алдын ала қорғаудан өтті.
Алдын ала қорғау сессиясына магистранттардың ғылыми жетекшілері толықтай қатысып, жұмыстың мазмұны мен сапасына қатысты кәсіби пікірлерін білдірді.
Қорғау барысында магистранттар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының дайындық деңгейін көрсетті. Олар педагогикалық практика барысында жүргізілген педагогикалық эксперименттердің нәтижелерін нақты деректермен дәлелдеп, зерттеу барысында қолданылған әдіс-тәсілдер туралы жан-жақты мағлұмат ұсынды. Сонымен қатар, магистранттар қойылған сұрақтарға нақты және дәлелді жауаптар беріп, ғылыми жұмыстарын негізді қорғауға дайын екендіктерін көрсетті.
Аталған іс-шара магистранттардың ғылыми әлеуетін бағалауға, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға және негізгі қорғауға сапалы дайындалуына мүмкіндік берді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|