қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2025

Абай университетінің докторанттары Ресейде тағылымдамадан өтті


2025 жылдың 21 наурызынан 21 сәуіріне дейін Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультеті математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының докторанттары Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

«8D01504 - Физика» білім беру бағдарламасы бойынша докторант Дәлел Нұрсал Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университетінде, «8D01501 - Математика» білім беру бағдарламасы бойынша докторанттар: Жеңісбек Разақ, Нұрлан Ақперов, Азизхан Умиралханов, Хабиба  Кенжебек Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтті.

 

Тағылымдама мерзімі 2025 жылғы 21 наурыздан 21 сәуірге дейінгі аралықты қамтыды. Оның ішінде 21-28 наурыз аралығы офлайн форматта, ал 29 наурыз - 21 сәуір аралығы онлайн режимде өтті. Докторанттардың шетелдік ғылыми кеңесшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Владимир Смирнов және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сергей Шишов.

 

Бұл тағылымдамалар докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жаңа серпін беріп, халықаралық ғылыми байланыстарын нығайтуға үлкен мүмкіндік берді.

 

  alt=  


  alt=  




Кері оралу