қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2025

Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасында дипломдық жобаларды алдын ала қорғау өтті


2025 жылдың 23-24 сәуірінде Математика, физика және информатика факультеті математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының «6В01501-Математика», «6В01502-Математика - физика», «6В01503-Математика - информатика», «6В01504-Физика» және «6В01504-Физика-информатика» білім беру бағдарламасы студенттерінің дипломдық жобаларын алдын ала қорғауы өтті.

 

Жұмыстарды алдын ала қорғауға білім алушылардың жетекшілері толық қатысты.

 

Қорғау барысында білім алушылар өздерінің ғылыми жұмыстарының дайындығын көрсете алды, қойылған сұрақтарға жауап берді. Ғылыми жетекшілер мен кафедра оқытушылары студенттердің жұмыстарына әдістемелік тұрғыдан баға беріп, кәсіби ұсыныстар жасады. Алдын ала қорғау нәтижесінде студенттерге қорытынды қорғауға дейін жұмыстарын жетілдіру бойынша нұсқаулықтар берілді.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  





Кері оралу