қазақша · русский · english
 
 
 
16.05.2025

Педагогикалық тәжірибе бойынша 4-курс студенттерінің қорытынды конференциясы


2025 жылғы 15 мамырда Математика, физика және информатика факультетінің «6В01501-Математика», «6В01502-Математика-физика», «6В01503-Математика-информатика», «6В01504-Физика» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері үшін педагогикалық тәжірибе бойынша қорытынды конференция өтті.


Конференцияға факультет деканының орынбасары Оразбеков Жасұлан Нұрлесұлы, педагогикалық тәжірибе жетекшілері және студенттер қатысты.

 

Студенттер педагогикалық тәжірибе барысында атқарған жұмыстарын көрнекі түрде көрсетіп, есептерін ұсынды. Тәжірибе кезінде Алматы қаласының мектеп әкімшілігі студенттердің білімін жоғары бағалады. Жалпы, барлық студенттер педагогикалық тәжірибеге риза екенін білдіріп, болашақта жалпы орта білім беретін мекемелерде жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

 

  alt=  


  alt=  


 

  alt=  




Кері оралу