қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.07.2021

 

«АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ  

2021/2022 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамы қызметкерлерінің бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды

 

Бос жұмыс орындары

 

Типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

 

- профессор лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәреже, «профессор» ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;

- доцент/қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кандидаттық немесе философия докторы (Ph.D.) дәрежесі, «доцент»/«қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;

- аға оқытушы лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылым кандидаты немесе философия докторы (Ph.D.) академиялық дәрежесі;

- оқытушы лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және/немесе магистр дәрежесі.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

ҚазҰПУ-нің қызметкерлері:

- Университет Басқарма Төрағасы - ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- Үміткерлерге арналған сауалнама (электронды форматта);*

- Кафедра отырысының шешімі;

- Бас ғылыми хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішінде);

- Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда);

- Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жыл ішінде).

 

2. Сыртқы үміткерлер:

- Университет Басқарма Төрағасы - ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- Үміткерлерге арналған сауалнама (электронды форматта);*

- Жеке куәлік;

- Жоғары білім туралы дипломдардың, ғылыми және ғылыми дәрежелердің көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- Еңбек қызметін растайтын құжат (жұмыс тәжірибесі бар адамдар үшін);

- Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы;

- Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

- Наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерде тіркелмегендігі туралы анықтама;

- Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда);

- Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жыл ішінде);

- Бас ғылыми хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішінде);

- Соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

- Өмірбаян.

 

* Үміткерлерге арналған сауалнамасының электронды файлын сақтауға қойылатын талаптар:  

Үміткердің Тегі_Аты_Кафедрасы_Сауалнама (Аты-жөні жеке куәлік бойынша).

Үлгі: Абаев_Абай_Дизайн_Сауалнама.

Үміткерлерге арналған сауалнаманы жіберуге арналған электрондық пошта

hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz

 

Құжаттар тізімге сәйкес толық ұсынылмаған жағдайда үміткердің өтінішін қабылдаудан бас таруға негіз болып табылады.

 

2021 жылғы қыркүйектің 1-нен бастап университеттің штаттық оқытушылар құрамының оқу жүктемесі мен жалақысы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы профессор-оқытушылар құрамы үшін ұсынылатын педагогикалық жүктеме мен ең төменгі жалақыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 122 бұйрығына сәйкес белгіленеді (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=34291747).

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау: 2021 жылғы тамыздың 09-на дейін (қоса алғанда).

 

Құжаттар келесі мекен жайда қабылданады: Алматы қ-сы, Достық даңғылы, 13, Персоналды басқару бөлімі (каб.№103); сағат 09.30-дан 17.30-ға дейін.

 

Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 82-57, 291-18-29

 

 

 

Педагогикалық, ғылыми қызметкерлер мен кафедра меңгерушілерінің лауазымдарына конкурстық орналастыру туралы ереже 


Оқытушының қызметін бағалау бойынша сауалнамасы

 

Өтініш үлгісі

 

ПОҚ бос ауазымына үміткер анкетасы  (Анкета толтырудың үлгісі)

 

ПОҚ бос лауазымына кандидаттың сауалнамасын толтыру бойынша жадынама

 

 

 

 



1742

Кері оралу