қазақша · русский · english
   

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы оқу жоспарына сәйкес мемлекеттік стандарттар негізінде оқытушылармен бірге жүзеге асырылады, сонымен қатар кафедрада тиісті оқу әдістемелік және жұмыс құжаттары бар.


Кафедрада студенттердің білімін бақылаудың әртүрлі жұмыстарын әзірлейді, кезеңдік және қорытынды тест тапсырмаларын дайындайды, мемлекеттік емтиxан билеттерін дайындайды, үлгілік және жұмыс бағдарламаларын дайындайды, оқыту әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындайды және барлық пәндер бойынша лекциялық қорлар бар. Кафедра оқытушылары дыбыс және бейне материалдарды пайдалана отырып, шетел тілдерінде оқытудың жаңа технологияларын белсенді енгізеді. Атап айтқанда, жаһандық модельдеу әдісі ішінара енгізілді. Интернет кеңінен қолданылады. Кафедра мүшелері қазіргі заман талаптарына сай жаңа оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарын әзірлейді.


Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы мынадай:
- мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын дайындау;
- шет тілдерін оқыту әдістемесі және аударма теориясы мен практикасы бойынша дәріс оқу, практикалық және семинар сабақтарын жүргізу;
- шығыс тілінде білім беру және аударматанудың өзекті мәселері бойынша арнайы курстар жүргізу;
- шығыс тілдері және аударманы оқытудың өзекті мәселері бойынша бакалавр және магистр академиялық дәрежесіндегі студенттер мен магистранттарды дайындау;
- пәндердің теориялық және практикалық оқу курстарының мазмұнын жетілдіру және әзірлеу;
- бітірушілердің біліктілік жұмыстарына жетекшілік жасау;
- Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу;
Кафедраның отырыстарында бекітілген жоспар бойынша оқу-әдістемелік семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары өткізіліп отырады. Әдістемелік семинарларда кафедра оқытушылары шетел тілдері мен аудармаға оқытудағы инновациялық технологияларды ендіру бойынша ең өзекті мәселелерді талқылайды.

Кафедра оқытушылары келесі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізді:
1.ДААД «Germanistische Institutspartnerschaft» жобасы шеңберінде Фрайбург (Германия) педагогикалық университетінің өкілдерімен бірлескен семинарлар.
2.Түркия, Иран, Араб әлемінің елдері, ҚХР, Ресей, Франция, Германия, Румыня университеттерінен келген профессорлар семинарлар мен лекциялар.
3.«Аудармашыларды даярлауда инновациялық-коммуникативті технологияларды қолдану» шеберлік сыныбы;
Кафедраның ПОҚ шетелдік мамандарды шақыра отырып, ғылыми-әдістемелік семинарларға белсенді қатысады да, нәтижелерін оқу үдерісіне ендіреді.

 

Кафедра қызметінің негізгі бағыттары:
Профессор-оқытушылар құрамы студенттер мен магистранттарға дәріс оқиды, практикалық және семинар сабақтарын жүргізеді.