қазақша · русский · english
   
Темпус жобасы

 

ТЕМПУС – шығыс Еуропа, Орталық Азия  елдерiндегi, Батыс Балкан және Жерорта теңiзі елдеріндегі жоғары бiлiмді модернизациялау үрдістерiн қолдауға бағытталған Еуропалық Одақ бағдарламаларының бiрi, жоғары оқу  орындары арасындағы ғылыми жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін бағдарлама.

ТЕМПУС жобалар шеңбері аясында, ЖОО-нан құралған  немесе олардың бiрлестiктерiнен тұратын консорциумдарға, сонымен қатар  академиялық емес серiктестерге қолдау көрсетеді.

 ТЕМПУС бағдарламасының  басты мақсаты - ЕО елдерi мен серіктес елдер арасында   жоғары бiлiмнiң саласында ынтымақтастықты құру. Бағдарлама шеңберлерiндегi осы мақсатқа жету үшін  нақты тапсырмалар шешілуі тиіс:

      



  • Серіктес елдердердегi жоғары бiлiмнiң қайта құрылуы мен модернизациялануына жәрдемдесу;

  • Серіктес елдер қоғамы мен еңбек саласыдағы сапа және  жоғары бiлiмнiң дәрежесін жоғарылату.

  • ЕО елдері мен серіктес елдердің еңбек саласы және қоғам үшін жаңғырту мен ашықтықты қолдау мақсатында: жеке қарастырылған ел шеңберіндегі жоғары білім фрагменттері мен жоғары білім шеңберіндегі ел аралық білім үзіндісіндегі бытыраңқылықты жою

·          - университет факультеттері аясындағы пән аралық және тәртiп тәсiлдерін дамыту;

·          ЖОО түлектерiнің білімін жоғарылату;

·          - әлемде жоғары бiлiмнiң еуропалық кеңiстiгiнiң тартымдылығын жоғарылату;

·         Адам ресурстарының дамуына жәрдемдесу;

·     ЕО елдері мен серіктес елдердің халықтарымен  мәдениеттерi арасындағы  ынтымақтастықты жақсарту.

 

"Абай атындағы ҚазҰПУ-да Темпус жобасын модернизациялау мақсатында өткізілген шаралар туралы" журнал