қазақша · русский · english
 
 
 

Мемлекеттік стипендияларды тағайындау және төлеу тәртібі


Абай атындағы ҚазҰПУ білім алушыларына мемлекеттік стипендияларды тағайындау және төлеу ҚР «Білім туралы» Заңына, ҚР Үкіметінің және ҚР БҒМ нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.


Мемлекеттік стипендиялар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша «өте жақсы» және «жақсы» бағаларына сәйкес келетін бағалардың баламасын алған студенттерге, магистранттарға тағайындалады және емтихан сессиясынан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, семестр аяқталатын айдың соңына дейін ай сайын төленеді.


Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа қабылданған студенттерге, магистранттарға бірінші семестрде мемлекеттік стипендия тағайындалады және бірінші семестр ішінде ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде студенттерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия алдыңғы семестрдегі емтихан сессиясының қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.


Ағымдағы емтихан сессиясы немесе аралық аттестаттау кезеңінде «FX» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған және одан кейін осы бағаларды «жақсы» және/немесе «өте жақсы» бағаға қайта тапсырған білім алушыларға стипендия тағайындалады.


Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын көзі нашар көретін мүгедектер мен есту бойынша мүгедектерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) балаларға мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының нәтижелері бойынша академиялық берешегі немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз бағалары болмаған кезде төленеді.


Жазғы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша Мемлекеттік стипендияға ұсынылған студенттерге, магистранттарға жазғы каникул кезеңінде мемлекеттік стипендия екі айға (шілде, тамыз) жиынтық түрде төленеді.


Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық күнтізбесінде белгіленген мерзімде емтихан тапсырмаған студенттерге, магистранттарға дәлелді себептермен (ауру, отбасылық жағдайлар, табиғи апаттар), білім алушыларға растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін сараланған сынақтар мен емтихандарды тапсырудың жеке мерзімдері белгіленеді, содан кейін оларға белгіленген тәртіппен мемлекеттік стипендия тағайындалады.


Кәсіптік практика, жазғы каникул кезеңінде, сондай-ақ жұмыс орындарында және лауазымдарда жұмыс істеген кезеңде студенттерге, магистранттарға жалақы төлене отырып, мемлекеттік стипендия белгіленген тәртіппен төленеді.


Абай атындағы ҚазҰПУ-ға басқа жоғары оқу орындарынан ауыстырылған студенттерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылық жойылғаннан кейін белгіленген тәртіппен тағайындалады және төленеді.


Докторанттарға, дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия белгіленген тәртіппен оқудың барлық кезеңіне тағайындалады және ай сайын төленеді.


Көзі көрмейтін мүгедектер мен құлағы естімейтін мүгедектер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) балалар, сондай-ақ емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттер мен магистранттар жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқылы.


Медициналық қорытынды (дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы) негізінде берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттер, магистранттар, докторанттар академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия төленбейді.


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрған студенттер мен магистранттарға мемлекеттік стипендия тиісінше студенттер мен магистранттардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50% мөлшерінде белгіленеді.


Медициналық қорытынды негізінде академиялық демалыста жүрген студенттерге, магистранттарға, докторанттарға академиялық демалыс уақытында мемлекеттік стипендия студенттердің, магистранттардың, докторанттардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің тиісінше 50% (мүгедектерге - 75%) мөлшерінде белгіленеді.


Академиялық демалыстан оралған студенттерге, магистранттарға, докторанттарға мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу оқу жоспарларында академиялық айырмашылық болмаған жағдайда, алдағы (кезекті) емтихан сессиясының қорытындылары бойынша белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


Ауруы бойынша қайта оқу жылына қалдырылған студенттерге, магистранттарға, докторанттарға мемлекеттік стипендия кезекті емтихан сессиясының нәтижелеріне дейін, оқу жоспары орындалған алдыңғы семестрдің қорытындылары бойынша белгіленген тәртіппен тағайындалады және төленеді.


Туберкулезбен ауыратын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға тиісті медициналық қорытындысы болған кезде мемлекеттік стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңі үшін, бірақ еңбекке жарамсыздық басталған күннен бастап он айдан аспайтын мерзімге белгіленеді және төленеді.


Студенттерге, магистранттарға, докторанттарға жүктілігі және босануы бойынша демалыс кезеңіне мемлекеттік стипендия жүктілігі және босануы бойынша демалысқа шыққанға дейін белгіленген мөлшерде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген барлық мерзім ішінде төленеді. Академиялық демалыс кезеңінде жүктілікке және босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама ұсынылған кезде академиялық демалыс үзіліп, жүктілігі және босануы бойынша демалыс рәсімделеді.


Студенттер, магистранттар, докторанттар үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия тағайындалмайды.


Стипендияларды тағайындау институт директорының ұсынысы негізінде университет ректорының бұйрығымен жүзеге асады.
Стипендияларды төлеу олардың сомаларын ағымдағы банктік шотқа есептеу жолымен жүзеге асырылады.


Мемлекеттік стипендияларды төлеу тоқтатылады:

1) оқудан шығару (шығару) себептеріне қарамастан білім алушы білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда;
2) білім алушы қайтыс болған жағдайда;
3) бітіру туралы бұйрық шыққан күннен бастап оқуды аяқтағаннан кейін.