Ережелер мен реттеу құжаттары | Білім алушының академиялық қарызы пән бойынша төмен рейтинг, емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алу немесе емтиханға келмеу нәтижесінде туындайды. Білім алушы бұл жағдайда ағымдағы академиялық кезеңді аяқтау үшін қажетті кредиттер санын ала алмайды.
Тіркеуші офисі институт директоратына академиялық қарызы бар білім алушылардың білімін бағалаудың қорытынды нәтижелері бар жиынтық ведомостарды жібереді.
Семестр бойы сабақтарды қалдырған кезде оқытушылар білім алушыны рұқсат алу үшін директоратқа жолдайды. Осыған байланысты директоратта сабаққа рұқсат беру журналына жазба енгізеді. Білім алушыдан дәлелді себеппен сабақта жоқтығын растайтын жазбаша түрдегі түсініктеме немесе анықтама алады. Сабақты қалдыру себебі анықталғаннан кейін директорат сабаққа рұқсат беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды.
Директорат сабаққа рұқсат береді: - ұсынылған түсіндірме;
Егер білім алушы сабақтардың аз бөлігін объективті себептер бойынша (мысалы, ауруы бойынша) жіберіп алса, онда оған жіберілген сабақтардың оқу материалын өз бетінше игеруге мүмкіндік беріледі.
Жіберілген сабақтардың оқу материалы бойыншаСӨЖ оқытушымен, тесттер, рефераттар, эсселер, есептер және т. б. түрінде бақыланады.
Білім алушының себепсіз сабақтан қалған жағдайда оған қосымша тәрбиелік сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкін: - білім алушының ата-анасын шақыру;
Бақылау және білімді бағалау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда: - оқу пәні бойынша рұқсат рейтингісінің оң бағасы жоқ білім алушылар аралық аттестаттауға (емтиханға) жіберілмейді;
Оқу сабақтарын өткізетін оқытушы сонымен қатар білім алушылардың академиялық қарыздарын жою процесін бақылайды. Осы мақсатта оқытушы: - қажет болған жағдайда кеңес беру үшін уақыт тағайындайды;
Қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушы университет ректорының бұйрығымен келесі оқу жылының қорытынды аттестаттауына қайта жіберіледі.
Қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттауда білім алушылардың қанағаттанарлықсыз баға алған пәндері бойынша ғана өткізіледі.
Берешектердің пайда болу себептерін анықтау мақсатында жазбаларға (аралық бақылау, аралық аттестаттау ведомостары) тұрақты негізде талдау жүргізіледі. Бұл жұмысты директорат жүзеге асырады. Мұндай талдау үшін статистикалық әдістерді қолдану ұсынылады. Егер топ білім алушыларының қарыздарының 80%-ы бір пәнмен байланысты болса, онда: - тиісті кафедра меңгерушісін хабардар ету қажет;
Түзету әрекеттері дереу әзірленіп, орындалуы керек. Түзету әрекеттерінің орындалуын бақылау кафедра меңгерушісіне жүктеледі.
Егер қарыздардың себептері белгілі бір оқытушының жұмысымен байланысты болса, оған түзету әрекеттерін жасау және сәйкессіздікті жою ұсынылады.
Егер мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушы оқу жұмыс жоспарында қарастырылған қажетті кредит санын ала алмаса, ол тиісті пәндерді ақылы негізде қайта оқуға құқылы.
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|