қазақша · русский · english
 
 
 

 

Ақылы оқу нысанынан білім беру грантына ауыстыру бос орындар болған кезде демалыс уақытында республикалық конкурстық комиссияның шешімі бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

 

Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, оқудың барлық кезеңінде тек «өте жақсы» және «жақсы» (А, А-, В+, В, В- және С+ (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап)) бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады. Білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос білім беру гранттарын Комиссия үлгерімінің жоғары орташа балдары бар білім беру бағдарламасын дайындау бағытының ішінде конкурстық негізде береді. Комиссия шешімінің негізінде білім беру гранттарын тағайындау туралы ҚР БҒМ бұйрығымен шығарылады.

 

Бос грант орындарын тағайындау
Ашық конкурс туралы хабарландыру кадрларды даярлау бағыттары мен курстары бөлінісінде босаған бос білім беру гранттарының саны көрсетіліп, ЖОО сайтында (білім беру порталында) жарияланады.

 

Бос білім гранттарын тағайындау келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

1) ақылы негізде білім алушылар ЖОО басшысының атына өтініш береді;

2) келіп түскен өтініштер университеттің Ғылыми Кеңесі мен директорлар кеңесінің отырысында қаралады;

3) Университет Ғылыми Кеңес пен директорлар кеңесінің шешімі негізінде ағымдағы жылдың 25 қаңтары және 5 тамызына дейін бос білім гранттарына ауысуға үміткерлер тізімін ҚР Білім және ғылым министрлігіне шешім қабылдау үшін жолдайды.

Тізімге білім алушының өтініштерінің көшірмелері, Ғылыми Кеңестің және директорлар кеңесінің шешімдері, білім алушының транскриптінен үзінді, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және университеттен шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі;

4) білім беру саласындағы уәкілетті орган қабылданған құжаттарды қабылдау жылын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының топтары, оқу нысандары мен мерзімдері тұрғысынан қарайды және оң шешім қабылданған жағдайда бос білім беру грантын тағайындау туралы бұйрық шығарады;

5) ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы және білім грантын тағайындау туралы берілген куәлік негізінде университет ректоры білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарады.

 

4927