қазақша · русский · english
 
 
 
Cерикбаев Тимур Касымжанович
Білімді цифрландыру департаментінің директоры

Достық даңғылы, 13, каб.426
 293-92-68

 

Білімді ақпараттандыру департаменті (БАД) университеттің оқу-өндірістік үрдісін толықтай автоматтандыру, келешекте цифрлық университетке өту мақсатына сәйкес 2017 жылдың 1 қазанында қайта құрылды. Департамент жұмысы жоғары білімнің негізгі мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты өндірістік шығындарды азайту мақсатында мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың жоғары сапасымен қамтамасыз етуге бағытталған.

 

БАД алға қойған міндеттері: 

Оқу үрдісін автоматтандыру мен басқаруға заманауи ақпараттық технологияларды енгізу; автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу.

Әкімшілік-почталық серверлерді, ақпараттық ресурстарды қорғау және университеттің серверлік түйіндерін үздіксіз жұмыспен қамтамасыз ету.
Абай атындағы ҚазҰПУ web-ресурстарын өңдеу және басқару
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және білімді ақпараттандыру нысанында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу; университеттің білім беру қызметіне онлайн режимінде техникалық көмек көрсету т.б.

 

Университеттің серверлік түйіндерін қолдау: Орталықтандырылған серверлі-телекоммуникациялық жүйеге барлық ақпараттық ресурстар топтастырылған. Корпоративті желінің үзіліссіз жұмысы мәліметтерді сақтауға және университеттің ақпаратты магистралі бойынша берілу серверлері мен бағыттар жиынтығын қамтамасыз етеді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ақпараттық білім ресурстарын өңдеу:

- университет порталын өңдеу: білім беру порталдары,

- «Абай атындағы ҚазҰПУ электронды оқулықтар» порталы

- Абай атындағы ҚазҰПУ электрондық кітапханасы мен онлайн каталогтар порталы

- Электронды оқулықтарды өңдеу, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің web- сайттарын өңдеу.

 

Университетте интернеттің қол жетімділігі: Университетте 800 Мg/сек жылдамдықпен ақпарат тарататын кең жолақты қол жетімді интернетпен қамтамасыз етілген. Провайдер - техникалық жабдықталуы жоғары дәрежелі қазақстандық телекоммуникациялық компания.

 

Университетте екінші деңгейлі домендік www.kaznpu.kz,  қашықтан оқыту, басқа да университеттің web порталдары және электрондық почталық қызметтер (mail.kaznpu.kz) ұйымдастырылған.

 

Техникалық қолдау бөлімі университеттегі барлық мәдени шаралар мен әртүрлі дәрежелі семинар-конференцияларға техникалық қызметтер көрсетеді. Осы бөлім сондай-ақ барлық компьютерлік және оргтехниканы жөндеу, қажетті қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады.

 

2659