|  | Академиялық мәселелер жөніндегі департамент  |  | 
 
 
   Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі департаменті оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару  жүйесіндегі негізгі құрылымдық бөлімі болып саналады. Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің негізгі атқаратын қызметтері:
 - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің оқу процесін кредиттік жүйе негізінде ұйымдастыру және басқару;
 -	оқу процесін ұдайы жаңарту, оқу барысындағы қызмет көрсету сапасын арттыру;
 -	оқу процесін дамыту және жаңа технологияны енгізу;
 -	білімді бақылау жүйесінде баллдық рейтинг жүйесін одан ары тиімді жетілдіру (аралық, қорытынды білімді бақылау);
 -	пәнді таңдау жүйесін жетілдіру;
 -	оқу процесін ғылымның соңғы жетістіктерімен, техникалық, инновациялық технологиялармен қамтамасыз ету;
 -	университеттің барлық дайындық түрлерінің оқу бағдарламасын үнемі дамыту;
 -	тек ішкі нарықта ғана емес, халықаралық бәсекелестік еңбек нарығында да білікті бакалавр, магистр, PhD мамандарын дайындаудың барлық жағдайын қамтамасыз ету;
 -	үш циклды жүйедегі «бакалавр-магистр-PhD» дайындығын халықаралық оқу бағдарламасымен бірігіп дамыту;
 -	қазіргі кездегі оқу процесіне жаңа ғылыми инновациялық жетістіктерді енгізу;
 -	талапкерлерді қабылдауда жаңа концепцияны және бітірушілерді жұмысқа орналастыру барысында жаңа механизмді жақсарту;
 -	ҚазҰПУ-нің әлемдік оқу кеңістігіне енуі, ҚР басқа университеттер арасында жетекші дәрежеге жету үшін университетті оқу қызметтерімен қамтамасыз ету.
           |