қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2020

Онлайн кездесу барысында алдағы емтихан сессиясының ережелері түсіндірілді

2020 жылдың 23 сәуірінде Математика, физика және информатика институтының директоры Мұрат Бекпатшаев 3 және 4 курс студенттерімен онлайн-кездесу өткізді.

 

Іс-шараға директордың орынбасары Хамраев Шерипидин, директордың ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Уалиев Заир, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухашев Жасұлан қатысты.

 

Онлайн-кездесу барысында алдағы емтихан сессиясының ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар студенттер көптеген сұрақтарға жауап алды.

 

Еліміздегі осындай төтенше жағдай кезінде студенттеріміздің білім алуына көңіл бөліп, барынша жағдай жасап жүргені үшін университетіміздің ректоры​ Такир Балықбаев пен институт басшыларына​ алғыстарын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу