қазақша · русский · english
 
 
 
11.05.2020

Жас ғалымдар қашықтан білім беру технологияларын қолдану тәжірибесімен алмасты

 

Математика, физика және информатика институтының физика кафедрасы оқытушыларының бастамасымен «Қашықтан білім беру технологияларын енгізу және қолдану бойынша жоғары оқу орындары арасындағы жас ғалымдардың тәжірибе алмасуы» республикалық вебинар ұйымдастырылып, өткізілді.

 

Іс-шараға жас ғалымдар мен республикамыздың әр түрлі аймақтарының өкілдері қатысты: ОҚПУ кафедра меңгерушісі Баян Уалиханова; М. Тынышпаев атындағы ҚазАТК «Радиотехника және телекоммуникация» кафедрасының сеньор-лекторы Назым Кусамбаева; Нархоз университеті жанынан құрылған экономикалық колледжінің информатика оқытушысы Асетхан Сманов; КИиТС университетінің оқытушысы Айнұр Тажқұран; Жансүгіров атындағы ЖМУ кафедра меңгерушісі Әлия Ақжолова; ҚРМУ физика кафедрасының оқытушысы, АКТ кафедрасының оқытушысы Дарын Уразақынов және Абай атындағы ҚазҰПУ физика кафедрасының оқытушылары.

 

Вебинардың ашылуында физика кафедрасының меңгерушісі Владимир Косов кіріспе сөз сөйледі.

 

Баяндамашылар өз ЖОО-да қашықтан оқыту қалай жүргізіліп жатқанын қысқаша баяндап берді. Free Conference Calls, Classroom, Moodle, Univer, Zoom, Google Meet және т.б. сияқты қолданылатын платформалардың саны аз емес, бұл университеттерде қашықтан оқытудың жақсы дайындығы мен ұйымдастырылуын білдіреді.

 

Вебинардың модераторлары PhD, аға оқытушы Диана Насирова және оқытушы Құндыз Сұлтанова болды.

 

Модератор Диана Насирова республикалық вебинарды қорытындылап, оқу үдерісін ұйымдастырудағы кездесулердің, сондай-ақ бірлескен ынтымақтастықтың маңыздылығы мен өзектілігіне назар аударды. Кездесуге қатысушылар бір-біріне алғыстарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

 

   

 

   




Кері оралу