қазақша · русский · english
 
 
 
20.05.2020

Онлайн режиміндегі «Талапкер​ - 2020»​ Ашық есік күні

 

2020 жылы 18 мамырда Математика, физика және информатика институты мектеп​ бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру мақсатында онлайн режимде «Талапкер - 2020» Ашық есік күнін​ өткізді.

Ұйымдастырушылар -​ ​ Абай атындағы ҚазҰПУ МФИИ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасулан Мұхашев, «Математика және математикалық модельдеу» кафедрасының оқытушысы Айғаным Рысбек, «Физика» кафедрасының оқытушысы Майра Мырзатай.

 

Іс-шараға Абай университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры​ Асан Сатмырзаев, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, облыстық, аудандық және қалалық Білім департаментінің басшылары мен өкілдері, мектеп директорлары, мұғалімдер мен 150-ге жуық бітіруші түлектер (Нұрсұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды қаласы, Алматы облысы, Ақмола облысы, Түркістан облысы) қатысты.

 

Кіріспе сөз​ университеттің​ оқу ісі жөніндегі проректоры​ Асан Сатмырзаевқа​ берілді.​ Математика, физика және информатика институтының директорының ғылым және халықаралық байланыс қызметі жөніндегі орынбасары Зайыр Уалиев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шерипидин Хамраев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасулан Мұхашев,​ физика кафедрасының оқытушысы Мөлдір Алиева, информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының оқытушылары Шолпан Уразбаева, Жәзира Марат ​ презентация дайындап,​ институттың қазіргі дамуы, оқу процесі туралы,​ білім алушыларға берілетін жеңілдіктер, тәрбие жұмыстарының бағыттары мен ерекшеліктері, сондай-ақ, «Талапкер-2020» қажетті құжаттар тізімі бойынша​ ​ толық ақпарат берді. Мектеп директорлары орынбасарлары мен оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу