қазақша · русский · english
 
 
 
21.05.2020

Жас ғалымдармен кездесу студенттерге пайдалы

 

2020 жылы 20 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері және Саутгемптон Университетінің докторанты Ерхан Міндетбай «Жас ғалыммен кездесу» тақырыбында вебинар өткізді.


Кездесу барысында Ерхан Міндетбай ойлау және оның түрлері, компьютерлік ойлау деген не, жаңартылған оқу бағдарламасындағы компьютерлік ойлау, сыни ойлау және басқалар сияқты мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар ол ойлау үдерісі мен оны тиімді қолданудың аспектілерімен бөлісті.

 

Жас ғалым бүгінде адамзат үшін бұл сұрақтар олардың жас ерекшеліктеріне қарамай өте маңызды екендігін атап өтті және осы құнды ақпаратпен бөлісті.

 

Кездесуге қатысушылар мұндай іс-шаралар студенттер үшін өте пайдалы екенін атап өтті.

 

Модераторлар - PhD докторы Ж.Д. Байшемиров және PhD докторант А.Р. Рысқан.

 

   

 

   

 




Кері оралу