қазақша · русский · english
 
 
 
11.06.2020

Магистранттардың диссертацияны онлайн режимінде алдын-ала қорғауы

 

2020 жылдың 4-6 маусым аралығында Meet платформасы арқылы Математика, физика және информатика институты математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының «6M010900 - Математика» және «6M011000 - Физика» мамандықтары бойынша магистранттар магистрлік диссертацияларын алдын ала қорғады.

 

Іс-шараға кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі А.Е.Әбілқасымова, магистранттардың ғылыми жетекшілері - кафедра профессорлары Г.Б.Алимбекова мен А.Ш.Шоканов, доцент Е.А.Туяков, профессор м.а. Л.У.Жадраева, қауымдастырылған профессор м.а. М.Т.Искакова, доцент С.Е.Ералиев, профессор Б.М.Қосанов, аға оқытушы Ж.К.Сыдықова, аға оқытушылар - Нұрмұхамедова Ж.М., Нурбаев Д.М., Оспанбеков Е.А.

 

Профессорлар мен оқытушылар магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жасаған баяндамаларын жоғары бағалады, көптеген қызықты сұрақтар қойылды, сондай-ақ ұсынымдық сипаттағы ескертулер берілді.

 

Екі тарап кездесу кезінде айтылған сұрақтар мен ескертулер магистранттарға өздерінің диссертацияларын қорғауға жақсы дайындалуға көмектесетініне сенім білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу