қазақша · русский · english
 
 
 
19.04.2016


15 сәуір күні математика, физика және информатика институтында "Наурыз" мерекесі тойланды. Кафедралар арасында үш номинация бойынша: ұлттық киім; ұлттық дастархан; дәстүр-салт бойынша көрініс; тартысты жарыс ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша д.п.н.,профессор Абылқасымова Алма Есимбековна басқаратын МПМФИ кафедрасының ұжымы ерекше дайындықтарын көрсетіп бірінші орындарды жеңіп алды. Үш номинация бойынша алғашқы үштікке кірген бес кафедра ұжымдары бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Наурыз мерекесіне келген қонақтардың ішінен Университет ректорының ғылыми ісі жөніндегі проректоры Косов Владимир Николаевич кафедра меңгерушілерін, жалпы ұжымды наурыз мерекесімен құтықтап сөз сөйлеп наурыз мерекесінің жоғары деңгейде өткенін атап өтіп,ұйымдастырушыларға рахмет айтты.

 


 

  




Кері оралу