қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2020

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған кездесу


2020 жылдың 30 қарашасында ZOOM платформасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Математика, физика және информатика институтының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен сарапшылар ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі, саясаттанушы Мақсат Жақауов, Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Қазына Бекбенбетова және «Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанты Рақымберді Жетібаймен кездесу өткізді.


Мақсат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ мерзімді табысты қызметін, көрегенді және даналы саясатын көрсету, оның өмірі мысалында халықтың игілігі мен мемлекеттің гүлденуі жолындағы қажырлы еңбегінің үлгісін көрсету, мемлекет алдында жасаған толағай жұмысын насихаттау.


Осыған орай институт басшылығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтуге арналған арнайы жоспарға сәйкес онлайн-әңгіме ұйымдастырды.

 

Кездесу барысында студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, сарапшы қонақтар жан-жақты жауаптар берді.

 

   

 

   




Кері оралу