қазақша · русский · english
 
 
 
14.01.2021

Көктемгі оқу үдерісін өткізу туралы түсіндіру жұмыстары

 

2021 жылы 11-13 қаңтар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика,физика және информатика институтының 1 курс студенттеріне көктемгі оқу үдерісінің барысы туралы түсіндірме жұмыстары институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шерипидин Хамраев және директордың тәрбие ісі жөніндегі директоры Жасұлан Мухашевтың тарапынан жүргізілді.

 

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан індетке байланысты 2020-2021 жылғы көктемгі оқу үдерісіндегі болатын өзгерістер жайында толық ақпарат берілді.

 

Ең алдымен, бірнеше топтар офлайн-форматта аралас және санитарлық талаптарға сай оқитыны жөнінде нақты ақпараттармен таныстырылды. Екінші, жатақхана туралы сұрақтар көптеп қойылды, оның ішінде «Офлайн режимінде оқитын барлық студенттер жатақханамен толықтай қамтамасыз етіле ме?» - деген сұрақтар көптеп кездесті. Ол сұраққа «барлық студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі» - деген мазмұнды жауап берілді. Және ең көп қойылған сұрақтардың бірі «Қазіргі жағдайға байланысты сабақты онлайн-форматында жалғастыруға бола ма?». Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда 1 курс студенттері өтініш негізінде оқуды қашықтан жалғастыруға құқылы. Лекция және семинарлар - қашықтан, санитарлық шараларды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтарды аралас форматта өтеді.

 

Іс-шара өте белсенді өтті, студенттер барлық сұрақтарға толық жауаптар алды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу