қазақша · русский · english
 
 
 
16.06.2016

Математика, физика және информатика институты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Физика-математика ғылымдарының кандидаты, университет профессоры Біргебай Ахтай 2016 жылдың 19 мамыр күні жаратылыстану және география институтының профессоры, п.ғ.к. «ЖОО үздік оқытушысы»-15 гранты иегері Ж.Б.Шілдебаевпен бірге Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық институтында болып, ең бірінші Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтымен екі жақты келісімшарт бойынша құрылған Абай орталығының жетекшісі Жанар Бейісбековамен жолығып орталықтың жұмыстарымен танысты.Ұтқырлық бойынша білім алған студенттермен кездесу ұйымдастырып, олардың ойларын тыңдады. Болашақта Қазақстан жоғары оқу орындарына барып білім алғысы келетін студенттерге жаңадан енгізгелі жатқан білім бағдарламасы туралы әңгімелеп берді. Одан кейін математика статистика факультетінің 2-дәрежелі профессорлары Байдолла Қасымұлымен (дифференциалдық теңдеулер маманы), Әбдіжапыр Төлеубекпен (Ықтималдықтар теориясы және статистика маманы) тәжірибе алмасулар жүргізіп, мамандар дайындаудың ерекшеліктері туралы әңгімелер өткізді. Қазақстандағы Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары бойынша баяндама жасап, 2013-2015 жылдарда баспадан шыққан «Жоғары математика элементтер» атты оқу құралын, «Математикалық білім беруді гуманитарландыру жағдайында дифференциалдық операторлардың бөліктену мәселелерін оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері» атты монографияны сол факультетке сыйға тартты.




Кері оралу