қазақша · русский · english
 
 
 
18.06.2016

2016 жылдың 25-28 мамыр аралығында Математика, физика және информатика институты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Физика-математика ғылымдарының кандидаты, университет профессоры Біргебай Ахтай Үрімші қаласындағы Синзянь (Синцянь дашу.) университетінде іссапармен болды. Абай атындағы ҚазҰПУ делегация құрамын, университеттің 1-дәрежелі профессоры, аймақ парламентінің депутаты Абдолла Аббас қабылдап 1924 жылы құрылған университтеттің бүгіні мен ертеңі, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістіктері туралы жинақы әңгімелеп берді. Мемлекеттің универстет ғылыми-зерттеу лабораториясын жабдықтауға қомақты қаржы бөлетінің дәлелі ретінде, биология, физика т.б. лабораториялардағы заманауи жабдықтармен таныстырды. Математика факультетінің басшысы, Жапон мемлекетінде білім алған 2-дәрежелі профессор Абдрашит Абдуалимен болған кездесуде Қытай математиктерінің жетістіктері, әлемдік деңгейдегі орны туралы сөз болды. Арнаулы тақырып бойынша бірігіп жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде біріккен мақалалар жариялау туралы ұсыныстар айтылды. Семинарға қатысушылар осы жылдың қазан айында Қытайда шығатын ғылыми журналға университет профессоры Біргебай Ахтайдың «The role of proof of differential operators separability in understanding the environment» атты мақаласын жариялауға шешім қабылдады.

 

 




Кері оралу