қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2021

Физика олимпиадасының қорытындысы

 

2021 жылы 12 сәуірде Математика, физика және информатика институтының студенттері арасында «Физика» пәні бойынша онлайн-олимпиада өтті. Олимпиадаға 16 студент қатысты. Олимпиада модераторы - «Физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Рыстыгулова В. Б.

 

Олимпиаданың ашылуына институт директоры М.Ж. Бекпатшаев және физика кафедрасы меңгерушісі В.Н.Косов, сондай-ақ олимпиаданың қазылар алқасы: аға оқытушылар С.М. Тезекеев және Д. М. Насирова, оқытушы М. Е. Алиевалар студенттерді құттықтады. Орындалған тапсырмаларды тексергеннен кейін аппеляциялық комиссия қателіктермен жұмыс жүргізіп, студенттермен бірге онлайн режимде есептердің шешімдерін талқылады. Орындалған тапсырмаларды тексеру кезінде физикалық есептерді шешудің ерекше идеялары табылған жоқ. Дегенмен, онлайн-олимпиада қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі Дипломмен ФИК-201 тобының студенті Кенжебек Бекзат; ІІІ дәрежелі Дипломмен ФИК-202 тобының студенті Құдайберген Ботагөз және ИСК-201 тобының студенті Жаппар Назерке марапатталды.

 

  

 

  




Кері оралу