қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2021

«Ашық есіктер» акциясы


2021 жылғы 24 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ және Математика, физика және информатика институтының 2020-2021 оқу жылына арналған «Кәсіби бағдар беру» жоспарына сәйкес математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы «Ашық есік» акциясын өткізді.


Іс-шараға математика, физика және информатика оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушылары қатысты: кафедра меңгерушінің орынбасары Жадраева Л.У., тәрбие ісінің орынбасары Мұқашев Ж.Е., профессорлар Қозыбай А.Қ., Алимбекова Г.Б.,Есенова М.А., оқытушылар Тұяқов Е.А., Сыдыкова Ж.К., Қырықбаева А., Жансеитова Л., Шойынбаева Г.Т., Беркин Л., Ардабаева А., Нурбаева Д.Н, Нұрмұхамедова Ж.Н., Исаева Н.Т., Ерженбек Б., Сүгирбекова А.Т., Ахметова О.К.

 

Іс-шараға тікелей жауапты кафедраның аға оқытушысы Шойынбаева Г.Т. Университет, институт туралы толық ақпараттарды баяндап, әр кафедраның құрамы жайлы ақпараттар айтты.

 

Іс-шараға алдын-ала келісілген мынадай мектептер қатысты: Алматы қаласы №148 гимназия, Алматы облысы, Көксу ауданы, Талапты орта мектебі, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Абай атындағы Орта мектеп гимназиясы, ШҚО мектептерінен оқушылар. Сонымен қатар ұйымдастырылған іс-шарада ата-аналар және мектеп басшылары да болды. Атап айтсақ, Алматы қаласы №59 Орта мектептің Кәсіби жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Сексенбаева Балагүл, Алматы облысы, Көксу ауданы Талапты орта мектебінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Шайхова Жанар қатысты. Барлығы 102 түлектер қосылды.

 

Іс-шара барысында ата-аналар мен оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Мамандықтар бойынша толық ақпаратты кафедрамыздың аға оқытушысы Сүгірбекова Ақмарал баяндап, ҰБТ-ға дайындалу, тапсыру туралы кеңестер ұсынды.

 

Іс-шара 2 сағат бойы орын алды. Іс-шара соңында ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Көптеген түлектер Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін болашақ оқу орны ретінде таңдайтындықтарын мәлімдеді.

 

   

 

   




Кері оралу