қазақша · русский · english
 
 
 
30.01.2017

Университетіміздің бір топ, профессор Есен Ықласұлы Бидайбеков бастаған жас ғалымдары: Бостанов Б.Ғ., Үмбетбаев Қ.Ү., Сәлғожа И.Т., Жақсылықов Ә.Е., Төребекова Р.  Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде үстіміздегі жылдың  қаңтар айының 26-27 күндері болып өткен «Заманауи ғылым және білімнің өзекті мәселелері мен инновация тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қытысып қайтты.

Конференцияның пленарлық отырысында «әл-Фарабидің математикалық мұралары заманауи білім беру жағдайында» атты ғылыми жоба зерттеулерінің нәтижесі бойынша Е.Ы.Бидайбековтың «ӘЛ-ФАРАБИДІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ЖӘНЕ ОНЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРНЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ» атты баяндамасы«Ең үздік баяндама»-деп танылды.




Кері оралу