қазақша · русский · english
 
 
 
13.06.2022

Физика пәнінен халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары

 

2021-2022 оқу жылының 2 семестрінде «6В05302-Физика» мамандығының студенттері «Күрделі есеп шығару әдістемесі» пәні бойынша білім алды. Оқу барысында студенттер физика пәнінен олимпиадалық есептерді алгоритм бойынша шешуді үйренді, әртүрлі деңгейдегі және мазмұндағы олимпиадалық есептерге талдау жасады. Осы пәнді оқытқан «Физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры В.Б.Рыстыгулова студенттердің білімін бекіту мақсатында «Ғылыми физика» мамандығының 2 курс студенттерін түрлі дәрежедегі физика пәнінен олимпиадаларға қатысуға дайындады. Халықаралық және республикалық олимпиадаларға қатысқан студенттердің нәтижелері төменде келтірілген:

«Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Халықаралық физика пәнінен студенттер арасындағы онлайн Олимпиаданың жеңімпаздары: ФЕК-203 тобының студенті Жалишева Мехринса ІІ дәрежелі дипломға, ФЕК-203 тобының студенттері Әбумүкәр Шұғыла ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.


«Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық физика пәнінен студенттер арасындағы онлайн Олимпиаданың жеңімпаздары: ФЕК-203 тобының студенті Жалишева Мехринса мен ФЕК-202 тобының студенті Есениязқызы Мәдина І дәрежелі дипломға, ФЕК-206 тобының студенті Рахтаева Аяжан, ФЕК-201 тобының студенті Бекенов Жандос, ФЕК-202 тобының студенттері Болатова Дана мен Есетова Жания ІІ дәрежелі дипломға, ФЕК-203 тобының студенттері Әбумүкәр Шұғыла мен Әкім Ұлпан ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

ФЕР-201 тобының студенті Қайырбек Анарай kko.kz веб-сайты ұйымдастырған физика пәні бойынша студенттердің республикалық олимпиадасында I дәрежелі дипломмен марапатталды.


Студенттерді Олимпиадаға дайындаған В.Б.Рыстыгулова Олимпиада ұйымдастырушыларының алғыс хатымен марапатталды.

 

 alt=    

  alt=  




Кері оралу