қазақша · русский · english
 
 
 
18.10.2022

«Мен ұсынған кітап» кітап жәрмеңкесі


2022 жылдың 17 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика, физика және информатика институтының «Kitap time» оқырмандар клубының ұйымдастыруымен «Мен ұсынған кітап» жәрмеңкесі өткізілді.

 

Жәрмеңкені МФжИ институтының директоры Бақыт Сыдықов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Мұхашев ашты. Жәрмеңке 7 институт студенттерінің қатысуымен өтті. Әрбір жас оқырман жәрмеңке туралы өз пікірінде мұндай пайдалы және қажетті іс-шараларды мүмкіндігінше жиі өткізу керек екенін айтты. Біздің студенттер ғана емес, сонымен қатар бос уақытында кітап оқуға жұмсайтын оқытушылар да қатысты.

 

Келген әрбір адам жәрмеңкеде іздегенін тапқанына күмән жоқ, өйткені үстелдер балалар ертегілерінен бастап детективтерге дейінгі барлық жанрдағы кітаптарға толы болды.

 

Оқырманның айналасындағы әлем әрқашан кітапқа ену кезінде таңғажайып нәрселерге толы. Өз кітаптары туралы мәлімдеген студенттерді бақылай отырып, біз олардың көздерінде оқуға деген шынайы сүйіспеншілігін растайтын ұшқын байқадық. Жәрмеңкеге байланысты үміт толығымен ақталды.

 

Жақында ғана университетіміздің табалдырығын аттаған студенттеріміз МФжИ институтының ғимаратында орналасқан кітапханаға тіркелуге өте белсенді кірісті. Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты, жас ұрпақты, ынталы студенттерді кітап оқуға ынталандыру болды!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу