қазақша · русский · english
 
 
 
31.10.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті - Н.Назарбаев Қоры стипендиясының иегері

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы «6В06102 - Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенті Заирова Лейла Муратжановна Н. Назарбаев Қоры стипендиясының иегері атанды.


Марапаттау рәсімі 2022 жылғы 27 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматыдағы өкілдігінде өтті. Бұл Лейланың алғашқы жеңісі емес, ол бұған дейін де бірнеше жарысқа қатысқан. Атап айтқанда, «IQ- Alaman-2022» республикалық конкурстың 3-ші орын иегері, қалалық «Бұрымды қыз» конкурсының 2-ші орын иегері. Тобында топ жетекшісі, жауапкершілігі мол, білімді, озат студенттеріміздің бірегейі.


Алдағы уақытта да студентіміз Заирова Лейланың биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу