қазақша · русский · english
 
 
 
21.11.2022

Абай университеті оқытушылары «Алматыкітап» баспасының оқулықтарын цифрландыруда

 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 28 қыркүйектегі Реформалар жөніндегі отырысында балалардың оқулыққа толы сөмкелері денсаулыққа зиян келтіретіні жайлы айтылған болатын. Оқу ағарту министрі А.Аймағанбетов мәселелерді шешуге бағытталған міндеттерді баяндап, цифрлық оқулыққа кезең-кезеңмен көшу жүргізілетіндігін айтты. Осы орайда, «Алматыкітап баспасы «TopIQ.kz» тұңғыш отандық электрондық оқулықтар платформасын ұсынып отыр.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының оқытушылары Тұрашова Ш.П. және Наурызбаев Д.Б. «Алматыкітап» баспасының Цифрландыру бөлімінде оқулықтарды цифрландыру бойынша фрилансер қызметін атқаруда.


Бүгінгі күні цифрландырушы оқытушыларымыз шамамен 20-дан астам оқулықтарды цифрландыру үдерісіне қатысты. Атап айтқанда, «Информатика» (5-6-сынып), «Цифрлық сауаттылық» (4-сынып), «Физика» (7-сынып), «Математика» (6-сынып), «Геометрия» (7-сынып), «Жаратылыстану» (3 сынып), және т.б. жалпы білім беру мектептеріне арналған баспа оқулықтарының цифрлық нұсқасын жасауда «Алматыкітап баспасының» Цифрлық контент департаментің қызметкерлері және оқулықтардың авторларымен бірлесе отырып жұмыс жасауда. Оқулықтар https://topiq.kz/ru платформасына қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүктелген.


Қазіргі таңда оқушылар мен мұғалімдер платформада орналасқан электрондық оқулықтарды, оқулықтағы интерактивті тапсырмаларды сабақ уақытында қолданып, оның тиімділігі мен заман сұранысына сай әзірленгенін атап өтуде.


Абай университеті мен «Алматыкітап» баспасы арасындағы білім саласын цифрландыру бойынша жұмыстар әрі қарайда жалғасын табады және нәтижелі болады деп сенеміз.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу