қазақша · русский · english
 
 
 
18.04.2017

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасы мен Алматы қаласы Химия -биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен

   «Әл Фәрәбидің математикалық мұрасы-рухани құндылық» атты математика және информатика пәндерінің апталығы

(3-10 сәуір, 2017 жыл)  өтті

 

          Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы меңгерушісі профессор Е.Ы.Бидайбековтың бастамасымен 2013 жылдан бері 1 сәуірді математиктер мен математиктердің кәсіптік мерекесі ретінде атап өтуді дәстүрге айналдырып келеді. 2013 жылы университетіміздің Магистратура және PhD докторантура институтында аталып өтсе, 2016 жылы Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесе отырып «әл-Фарабидің математикалық мұрасы - рухани құндылық» атты іс-шара көлемінде өткізілді. Шара жалғасын тауып, биыл да өткізілді.

         Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 3-10 сәуір күндерінің аралығында «әл Фарабидің математикалық мұрасы - рухани құндылық!» деген атпен математика және информатика пәндерінің апталығы өтті. 10-сәуір күні «әл Фарабидің математикалық мұрасы - рухани құндылық!» апталығын қорытындылау мақсатында мерекелік шара өтті.

         Әл Фараби бабамызға арналған бұл апталықты қорытындылау салтанатына еліміздің көптеген майталман ғалымдары математик және информатика ғалымдары қонақ ретінде шақырылып, олардың біразы шараға белсене  қатысты. Олар:

      Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Еуразия Ұлттық Университетінің Еуразия математикалық институтының директоры Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлы;

         Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академикҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Информатика және басқару мәселелері институтының бас директоры Қалимолдаев Мақсат Нұраділұлы;

       Физика-математика ғылымдарының кандидаты Ауданбек Көбесовтың атамыздың ұлы Ауданбекұлы Нұржан Көбесов;

          Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Шыныбеков Абдухали Насырович;

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Информатика және басқару мәселелері институтының бас директорының орынбасары, PhD доктор   Мағзом М.М.

            Кафедра профессор-оқытушылар құрамы:

     Физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, Ресей білімді ақпараттандыру академиясының академигі, профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Бидайбеков Есен Ықыласұлы;

        Физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Камалова Гульдина Большевикқызыпедагогика ғылымдарының докторы, профессор Сағымбаева Айнұр Есенғазықызыпедагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Бостанов Бектас ҒаниұлыPhD доктор, аға оқытушы Шолпанбаев Бақыткерей Бақтұрұлыкафедра докторанттары: Үмбетбаев Қ.Ү., Сәлғожа И.Т., Байдрахманова Г., Абишев Н.Қ., Әкімжан Н.Ш., Жақсылықов Ә. және магистранттар Жаркинова Ж., Нұрмұхан Г., Сарсенов А., Тұрашова Ш. және т.б.

        Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен: мектеп директоры - Мункеева Г.Б., директордың орынбасарлары - Ниязов Д.Т., Сембаева С.К., Дильманова З.Б., әдіскер - Себепбаева Б.Л., пән мұғалімдері - Мырсыдықов Е.Т., Төлеген М., Абенов К.М., Камзина Г.С., Асет Н., Исмаилов Е.У., Есмаханова Г.К., Джолдасова А.К., Жұманбаева З.Ж., Маккамбай Ф.Р., Кошалаков К.Н., Мейірбек М.Е., Азимбаев А.А., Садыков Н.Ж., Мергенбаева М.К., Сқақова Ә.А., Таукебаева Г.О., Джургабаев С.Е., Мұстақыш А.Қ., Жазылбеков Н.Н., Душаев С.Б., Цой Н.В., Әбілдашев Б.Н., Сагындыкулы З., Халиева А.В., Қаныбекұлы А., Шакан Я., Амантай Б., Мұқанова М.А., Закарианова А.З., Рамазанова Г.Р., Досболов Н.М.

        «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді» демекші Қазақ халқының әр ісінің бастауы батамен басталады дей отырып, Тоқыбетов Жанұзақ Әбдіқұлұлы атамыз осы шараға қатысушылар мен мектеп оқушыларын, ұйымдастырып отырған игі ісімізге өз батасын беріп, мерекелік шарамызды ашып берді.

      Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Евразия Ұлттық Университетінің Евразия математикалық институтының директоры,  дүниежүзілік деңгейдегі ғалым-математик, академик Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлы,  кафедра меңгерушісі Бидайбеков Есен Ықыласұлы, Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Мункеева Гульмира Бакытбекқызы, Ауданбек Көбесовтың атамыздың ұлы физика-математика ғылымдарының кандидаты Ауданбекұлы Нұржан Көбесов, техника ғылымдырының докторы, профессор  Шуақаев Марат Қапезұлы математика, информатика ғылымдары туралы, әл-Фараби бабамыздың ғылымдағы орны, математикалық мұралары туралы сөз сөйледі.

        Бұл күнгі шара екі бөлімнен тұрды: 1. «Әл-Фарабидің математикалық мұрасы және заманауи математикалық-информатикалық білім беруде» атты ғылыми-практикалық семинар; 2. Сайыстар: а) «GeoGebra ортасында әл-Фараби есептерін шешу» /олимпиада/; ә) «Дарындылар додасы» атты математика, информатика және әл-Фарабидің математикалық мұрасы бойынша интеллектуалдық сайыс.

    «Әл-Фарабидің математикалық мұрасы және заманауи математикалық-информатикалық білім беруде» атты ғылыми-практикалық семинарда келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды:

- әл-Фарабидің математикалық мұрасы бойынша ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар жайлы. Сәлғожа Индира Тойшыбекқызы, 2-курс 6D011100-информатика мамандығының докторанты. Жетекшісі: Медеуов Есенгелді Өміржанович, Бостанов Бектас Ғаниұлы;

-  Әл-Фарабидің геометриялық фигуралары бойынша халықаралық мега сабақ. Тұрашова Шұғыла

-   1-курс 6М011100-информатика мамандығының магистранты. Жетекшісі: Бидайбеков Есен Ықласұлы;

-  Әл-Фарабидің математикалық мұраларының математиканы оқытудағы маңызы. Себепбаева Бибінұр, Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Математика пәнінің мұғалімі;

- Алгебраның негізгі теоремасы жайлы сұрақ. Құрмамбай Аружан, 9 сынып оқушысы. Жетекшісі: Мырсыдықов Ерлес;

-  Гаустың дұрыс 17 бұрышты салу алгоритмі. Тлеубек Аружан, 9 сынып оқушысы. Жетекшісі: Мырсыдықов Ерлес;

-   Трисекция мәселесі және оның дұрыс көпбұрыштар салудағы қолданысы. Нұрғазы Томирис

-    9 сынып оқушысы. Жетекшісі: Себепбаева Бибінұр;

-  Шеңбердің квадратурасы туралы мәселе. Габдыкалиев Адилет, 9 сынып оқушысы. Жетекшісі: Мырсыдықов Ерлес;

       Мерекелік шара соңында әр ұйымдастырылған шараға қатысушылар арасынан жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар беріліп, дипломдармен, мақтау қағаздарымен мараппаталды.

 

 

 




Кері оралу