қазақша · русский · english
 
 
 
02.05.2017

 

    20-21 сәуір аралығында И.А. Бунин атындағы Елецк мемлекеттік университетінде (Елец қаласы, Ресей Федерациясы) «INFO-эксперт» - 2017 III халықаралық жастардың ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.
    Бұл ғылыми-зерттеу конференциясы информатика мен АКТ заманауи құралдар мен әдістерін қолдану мен мәселелерін шешуге бағытталған; сонымен қатар оқушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік нәтижесінің қорытындысымен алмасуға жағдай жасау, баяндамаларда айтылған нақты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу және практикалық қолданыс аясын кеңейту.

 

Конференцияда келесі бағыттар бойынша жұмыс атқарылды: 

• «Computer science - IT первые шаги в науку» - 1-4 сынып оқушыларының жобалары;
• «Computer science - IT - старт» - 5-8 сынып оқушыларының жобалары;
• «Computer science - IT - юниор» - 9-11 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен жобалары, АМБ 1-2 курс студенттері;
• «Computer science - IT - эксперт» - жоо мен орта мамандандырылған оқу орындарының студенттері.

 

      Конференцияға жіберілген ең үздік жұмыстардың авторлары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Конференцияның нәтижесі бойынша "САМОСТОЯТЕЛЬНАЯ РАБОТА УЧАЩИХСЯ ПО ГЕОМЕТРИЧЕСКОМУ НАСЛЕДИЮ АЛЬ-ФАРАБИ В СРЕДЕ GEOGEBRA" тақырыбындағы баяндамамен сырттай қатысқан Абай атындағы ҚазҰПУ 1 курс магистранттары К.У. Умбетбаев, М.Уразымбетов және Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Интеллектуалды мектебінің мұғалімі Е. Мырсыдыков II дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

 

 

 




Кері оралу