қазақша · русский · english
 
 
 
26.03.2025

«Ұлы дала роботы» роботтар арасындағы ұлттық ойындар сайысы

 

2025 жылдың 20 наурызында жаңару мен жақсылықтың жаршысы болған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» мерекелік іс-шарасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультеті информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы дала роботы» атты роботтар арасындағы ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылды.

 

Сайысқа «6B01507-Информатика (IP)», «6B01509-Информатика және робототехника» білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты. Білім беру бағдарламаларынан бір-бір топтан құралып, әр топта екі студенттен бақтарын сынаған сайыс 2 кезеңнен тұрды: асық ату және арқан тартыс.

Сайыс қортысынды бойынша:


I орын - «6B01509-Информатика және робототехника» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары, «Tomiris» командасы - Сымбат Асан, Динара Алберді.

II орын - «6B01509-Информатика және робототехника» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары, «Abay eSports» командасы - Арнұр Серікқан, Тоғжан Тойбек.

III орын - «6B01509-Информатика және робототехника» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары, «Тайбурыл» командасы - Темурхан Бердалиев, Манас Джанбутаев.

 

«Ұлы дала роботы» роботтар арасындағы ұлттық ойындар сайысының жеңімпаздары факультет деканының атынан I, II, III дәрежелі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу