қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2025

Абай университетінің жас ғалымы халықаралық байқауда үздік атанды


2025 жылғы 25 сәуірде Астана қаласында NATIONAL ACADEMY OF SCIENTIFIC AND INNOVATIVE RESEARCH (NASIR) ұйымының ұйымдастыруымен ғылыми-білім беру мекемелері арасында өткен «Жылдың үздік педагогі» атты халықаралық байқау өтті.

 

Аталған байқауға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институты, информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының оқытушысы Арайлым Қанатбекова қатысып, «2025 жылдың Үздік жас ғалымы» атағына ие болды.

 

Бұл жеңіс - жас ғалымдардың кәсіби жетістіктерін танытуға және ғылым мен білім жолындағы жаңа белестерге ынталандыруға бағытталған маңызды қадам болды.

 

Құттықтаймыз!

 

  alt=  




Кері оралу