| |
Математика, физика және информатика факультеті | |
16.11.2025
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім беру саласының халықаралық сарапшысы Клеа Фернандез 13.11.25-19.11.25 жж аралығында WORKSHOP өткізуде.
Клеа Фернандез психология ғылымдарының PhD докторы, OECD ұйымының сарапшысы және Lesson Study әдісін зерттеуші ретінде танымал. Ол «Lesson Study: A Japanese Approach to Improving Mathematics Teaching and Learning» кітабының авторларының бірі. Воркшоп Lesson Study әдісін мектеп практикасына тиімді енгізу тақырыбына арналды. Спикер әдістің мазмұнын, мақсаттарын және мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпалын түсіндірді. Қатысушылар әдістің Жапонияда қалыптасуы мен басқа елдерде қолданылуына қатысты сұрақтар қойды. Шара барысында видеоталдау және практикалық жаттығулар өтті. Фернандез қатысушыларға зерттеу сабағын жоспарлау, оқу үдерісін талдау және Lesson Study тәсілін мектеп жағдайында қолдану дағдыларын дамытуға көмектесті. 13 қараша мен 19 қараша аралығында Педагогикалық инновациялар орталығының ұйымдастыруымен Lesson Study және Action Research форматында дипломдық жұмыс жазатын студенттер мен олардың ғылыми жетекшілеріне арнайы шеберлік сабақтары өтетілуде. Семинарларға факультеттердегі ментор зерттеушілер, Алматы қаласындағы студенттер және ғылыми жетекшілер қатысуда.
   
Кері оралу
|
|
|