қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2019

Ғылым күніне және Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған онкүндік


12 сәуірде «Ғылым күні» және қазақтың ұлы ғалымы Қ.И.Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына орай Математика, физика және информатика институтының математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Бағдат Қосанов пен доценті Жанболат Қайыңбаевтың жетекшілігімен «6М010900-Математика» мамандығының 1 курс магистранттары К. Сәтбаев ескерткішіне гүл қойып, ұлы ғалымның мұражайына «Сәтбаев - қазақ тіліндегі алғашқы алгебра оқулығының авторы» тақырыбында оқу саяхатын ұйымдастырды.


Бұл шара университеттің «Ғылым онкүндігі-2019» және «Математиканы оқыту әдістемесінің тарихы» пәнінің оқу бағдарламасы аясында Қ.И.Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығының мазмұндық-әдістемелік ерекшеліктерін ашып көрсету мақсатында өткізілді.

 

   

 

  




Кері оралу