қазақша · русский · english
 
 
 
15.01.2020

Алғашқы педагогикалық практика

 

2020 жылдың 13 қаңтарында «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3 курс студенттеріне арналған педагогикалық практика бойынша конференция өтті. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының педагогикалық практика меңгерушісі Гүлмира Қажығалиева бастаған кіріспе конференцияға студенттер, сонымен қатар әдістемелік мұғалімдер және кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева қатысты.

 

Студенттер педагогикалық практиканың міндеттерімен танысты, оның жоспары, есептік құжаттаманы құрастырудың ерекшеліктері туралы ақпараттандырылды.

 

Конференция барысында әдіскерлер, кафедра меңгерушісі педагогикалық практика болашақ мұғалімдердің кәсіби қалыптасуының негізгі формаларының бірі болып табылатындығын, бұл теориялық білім мен практикалық тәжірибені синтездеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

 




Кері оралу