қазақша · русский · english
 
 
 
04.03.2020

Халықаралық ынтымақтастық туралы келісім

 

Университеттер мен олардың құрылымдық бөлімшелері арасындағы халықаралық ынтымақтастық ғылым мен білім жүйесіндегі маңызды құрамдас бөлік болып табылады.

 

Осындай ынтымақтастықтың мысалы ретінде 2020 жылдың 1-6 наурыз аралығында филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей халықтар достығы университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Владимир Синячкиннің (Мәскеу, Ресей) Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында болуы жатады.

 

Осы кафедралар арасында өзара қызығушылық тудыратын, соның ішінде магистрлер мен PhD докторларын даярлау бойынша «Ынтымақтастық туралы келісім» жасалды. Сапар барысында профессор В.П. Синячкин оқытушылар мен студенттерге ассамблея дәрістерін оқыды.

 

Ресейлік әріптеспен кездесуде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазыұлы ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық пен бірлескен жобалардың болашағын талқылады.

 

   

 




Кері оралу