қазақша · русский · english
 
 
 
01.06.2020

Таллин университетіндегі Халықаралық ғылыми конференция

 

2020 жылы 29 мамырда Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сауле Абишева мен доцент Зинаида Поляк ХХ ғасырдың көрнекті орыс ақыны Давид Самойловтың 100 жылдығына арналған VI Самойлов оқулары «И всё живу. И всё же существую...» тақырыбында Халықаралық ғылыми онлайн-конференцияда баяндама жасады.

 

Конференция ұйымдастырушысы - Таллин университетінің Гуманитарлық зерттеу институты (Эстония).

 

9 сағаттан астам уақытқа созылған конференцияға Эстониядан, Ресейден, Латвиядан, Украинадан тарих және әдебиет теориясы саласындағы жетекші филологтар қатысты. Конференцияға жиналған тыңдаушылардың арасында Д. Самойловтың шығармашылығын құрметтейтіндер және Еуропа елдерінен, АҚШ пен Канададан келген зерттеушілер болды.

 

Ұйымдастырушылар жасаған ғылыми шығармашылық қалыпты қатысушылар өз баяндамаларымен ғана емес, сондай-ақ айтылған баяндамаларды талқылауға қызығушылықтарымен қолдап отырды.

 

   




Кері оралу