қазақша · русский · english
 
 
 
16.09.2020

3 курстың педагогикалық практикасы бойынша анықтамалық конференция

 

2020 жылдың 14 қыркүйекте Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиет кафедрасында педагогикалық практика бойынша анықтамалық конференция өтті.

 

Практика жетекшісі профессор Қажығалиева Гүлмира кафедраның атынан студенттерді оқытудың жаңа кезеңінің басталуымен құттықтап, дуальді оқыту шеңберінде практиканы ұйымдастыру және оның мазмұны жайлы баяндап берді. Алғаш рет 3 курс студенттері оқу жылы бойы тәжірибені үш кезеңде меңгеретін болады.

 

Конференцияда кафедра оқытушылары - әдіскерлер Гүлнұр Байшүкірова мен Дина Поляк сөз сөйлеп, студенттерге мектептерге бөлу мәселелері бойынша кеңес берді.

 

Конференция қонақтары ретінде Алматы қаласындағы 56 және 35 гимназиялардың әдіскер-мұғалімдері болды, олар студенттерді университетті бітіргеннен кейін ұстаздарымен жұмыс істеуге шақырды, сондықтан мектептер жас тіл мамандарына өте мұқтаж екендігін ескертті.

 

Іс-шараны кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева қорытындылады.

 

   




Кері оралу