қазақша · русский · english
 
 
 
29.09.2020

Бітіруші курстың педагогикалық практикасы басталды

 

2020 жылдың 25 қыркүйегінде Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» және «5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 4 курс студенттеріне арналған педагогикалық практика бойынша анықтамалық (нұсқаулық) конференция өтті.

 

Аталмыш конференцияға Институт директоры Алуа Таңжарықова, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева, «Мансап» қызметкерлері, педагогикалық практика жетекшілері, кафедра әдіскерлері, профессор Гүлмира Қажығалиева, доценттер Елена Ломова мен Мәдина Абаева, филология ғылымдарының кандидаты Мехирниса Хавайдарова, базалық мектеп өкілдері мен 4 курс студенттері қатысты.

 

Профессор Қажығалиева педагогикалық практиканы қашықтықтан өткізу қағидаларымен егжей-тегжейлі таныстырды, сондай-ақ педагогикалық практика бойынша құжаттамаға назар аударды. Конференция барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар берілді.

 

Анықтамалық конференциясында базалық мектептердің оқу-әдістемелік жұмысы бойынша тәлімгер-мұғалімдер, оқу ісінің меңгерушілері сөз сөйледі, олар біздің студенттеріміздің жоғары дайындық деңгейін атап өтті. Институт директоры, кафедра меңгерушісі және студенттердің әдіскерлері педагогикалық практика сияқты маңызды кезеңнен өтуге сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

 

   




Кері оралу