қазақша · русский · english
 
 
 
19.11.2020

«Орыс ақындарының шығармашылығындағы күз бейнесі»

поэтикалық кеші

 

2020 жылдың 18 қарашасында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 3 курс студенттері эдвайзер Гүлнұр Байшүкірованың жетекшілігімен поэтикалық кеш өткізді.

 

Ақындардың өлеңдері оқылды, - ой мен қайғы, жұмбақ және түрлі-түсті табиғатқа таңдану тұрғысынан олар күзгі көңіл-күйді жеткізді Болашақ тіл мамандары викторинаға қатыса отырып, поэзияны жақсы білетіндіктерін көрсетті; қызықты хабарламалармен таңқалдырды; кештің түрлі-түсті визуалды көріністерін салды.

 

Кездесу соңында кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева студенттерге филолог мамандығын игеруде жаңа табыстар тіледі.

 

   

 

   




Кері оралу